1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады!
Құжат тапсыру мерзімі:
2025 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін
(жұмыс күндері – дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа)
Кімдер қабылданады?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, 6 жасқа толған балалар ата-анасының (немесе заңды өкілінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.
Құжат тапсыру тәсілдері:
• eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы
• немесе қағаз түрінде мектепке өткізу
Қажетті құжаттар (Қазақстан азаматтары үшін):
1. Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші
2. №065-у үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у бала денсаулығының паспорты
3. 3х4 см көлеміндегі 2 фотосурет
Шетел азаматтары үшін:
Бала Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұруы тиіс. Мектепке құжат тапсыру үшін, ата-анасы (немесе заңды өкілі) баланың ҚР-да тұруға құқығы бар екенін және мекенжай бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсынуы қажет.
Құжаттар демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, мектепке қабылдау мәселесін алдын ала шешіп алуларыңызды сұраймыз.