Ағымдағы оқу жылында 5, 6, 7, 8, 10-сынып білім алушылары академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Қазақ тілі» пәні бойынша және орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде оқытатын сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан тапсырады.
Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың МЖМБС сәйкес жазбаша және ауызша нысанда пәндер бағдарламасының мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында өткізіледі (тыңдау, сөйлеу, оқу, хат).
Емтиханды өткізу уақытын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі айқындайды, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып педагогтер жасайды және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі және әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан нәтижелері және жылдық баға негізінде 30/70 пайыздық арақатынаста қойылады.
9 және 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау № 1 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі