01.04.2026
2026–2027 оқу жылында ауданның 29 мектебі 1-сыныпқа балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Оқу жылына арналған 1-сынып оқушыларының болжамды саны 423 баланы құрайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес ағымдағы жылы «бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және бірінші сыныпқа қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Бұйрыққа сәйкес, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы бойынша 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау кестеге сәйкес Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ақмола облысы бойынша – 10 маусым мен 31 тамыз аралығында.
Сонымен қатар хабарлаймыз, білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы ұйымда оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар автоматты түрде сол ұйымның бірінші сыныбына қабылданады; баланы басқа білім беру ұйымына орналастыруға ниет білдірген қызмет алушылар құжаттарды жалпы негізде тапсырады.