|
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауына Пікір
|
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі
Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма алты жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің
тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына
бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы
екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы үш сатыдан тұрадығы оның ішінде 10 бағыты мен міндеттері анық көрсетілген. Соның ішінде 7-ші
бағытында білім беру саласына
басты назар аударған. Қазіргі XXI- ғасыр білім мен техниканың қарыштау заманында еліміз де шет қалып
отырған жоқ. Қазіргі уақытта білім
берудің жаңа саласында азаматтар мен
балаларды озық тәрбиелеуде жаңа тың
идеалар басталып та кетті. Биылғы жылы 1,2,5,7 сыныптар жаңа бағдарламаға көшіп білім алуда.Бұл
жағартылған білімге көшу 2021 жылы аяқталатын болады деп күтілуде. Жаңа
бағдарламаның негізгі мақсаты –
оқушыларыдың өз ойларын еркін жеткізе
алуы, өз қабілетін жетілдіру, өзін – өзі басқаруға, пікірін ашық жеткізе алуға
тәрбиелеу. Осы бағдарламаға сәйкес еліміздің
барлық аймақтарында педагог
мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге
асып жатыр. Сонымен қатар жаһандану ғасырындағы
тағы бір өзгеріс
жаратылыстану ғылым саласындағы
пәндердің үш тілділікке көшуі. Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және
өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге
көмектеседі.
Қазақстандықтардың
болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.
Егер біз қазақ
тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз
терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.
«Рухан жаңғыру – болашаққа к бағдар» мақаласының
негізінде Латын әліпбиіне қайта оралу
Қазақ елі үшін үлкен мүмкіндіктерге жол
ашары сөзсіз. Себебі: ел жадынды қалған ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін қайта
жаңғырту жүзеге асырылады және де қазақ
елі ретінде өзіндік стилімен, мәдениетімен,
дәстүрлерімен, ұлттық ойындарымен отыз
елдің қатарына кіреді деп ойлаймын.
Химия пәнінің мұғалімі: Нұржан И.М